Сыдықова Дильбар Бекболатқызы

Меңгеруші

«ЖАНЕРКЕ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫ міндеттері
Білімді тәрбиемен көркемдейміз

Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ету.

Коммуникативті дағдыларды дамыту

Балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды

Танымдық және зияткерлік дағдыларды қалыптастыру

Тәрбиеленушілердің қоршаға әлемен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгертуді

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Физикалық даму

Физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру

«ЖАНЕРКЕ БАЛАПАН»
бөбекжай-балабақшасы топтары

«ЖАНЕРКЕ »
бөбекжай-балабақшасы қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру

Балалар бөбекжайы қауіпсіздік құралдарының үш түрімен жабдықталған:

  • бейнебақылау жүйелері
  • өрт дабылы
  • «шұғыл түймесі бар»

    Бейнебақылау жүйелері үй-жайлардың, дәліздердің ішіндегі объектінің режимін, күзетілетін объектінің айналасындағы аумақты және, кіру және шығу жолдарын бақылауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйелері бөтен адамдардан қорғануға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен балалардың жұмысын бақылауға арналған.

Бөбекжай ауласы түгел темір қорғанмен қоршалған, көгалдандырылған, таза ауада ойнауға жағдай жасалынған.

БӨБЕКЖАЙ – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДЫҒЫ